
Ақмола облысының Ерейментау қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші жол-көлік оқиғасы түскен.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, содан кейін екінші жүргізушіге бұрауышпен шабуыл жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына кінәлі жүргізуші көліктен түсіп, қолына бұрауыш алып, екінші қатысушыға сұғып аламын деп қорқытқан. Зардап шегуші жанжалға араласпай, бірден 102 нөміріне хабарласқан.
Оқиға орнына келген полицейлер ВАЗ-2107 көлігін басқарған 43 жастағы ер адамның мас болғанын анықтады. Сонымен қатар оның бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Қазір күдіктіге қатысты бірден екі қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Атап айтқанда, оған «адам өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін» деп қорқыту, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан қайтадан мас күйінде рөлге отырғаны бойынша айып тағылып отыр.
Полиция қажетті сараптамаларды тағайындап, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, Ақмола облысында жүк көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты