Қоғам

Алматыдағы колонияда екі сотталғанның суицид жасағаны туралы ақпарат тарады

колония
Комитет ақпаратты жоққа шығарды/фото: shutterstock

Әлеуметтік желіде Алматыдағы колониялардың бірінде екі адамның өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарып, колонияның қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. 

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан екі сотталғанның өзіне қол жұмсағаны туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты», – деп хабарлады комитет.

Сонымен қатар комитет көрінеу жалған ақпарат таратқандарға заңда жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Айта кетейік, қазір «Қара бүркітте» өмір бойына сотталған 200-ден аса адам жазасын өтеп жатыр. Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың ішінде ең егде жастағы сотталған 76 жаста болса, ең жасы небәрі 20 жаста.