Lifestyle

Алматыға +1 локация: Көктөбе маңында жаңа саябақ ашылды

Алматыда жаңа локация ашылды/фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда серуендеуге арналған тағы бір саябақ ашылды. Көктөбе саябағы аумағында 4 гектар жерді көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындар мен қала қонақтары ол маңда серуен құрып, Алматы мен Іле Алатауы сұлулығын тамашалай алады.

«Жобаның басты ерекшелігі – тау бөктеріндегі лаванда террасалары. Бұл жерге ерте көктемнен күз соңына дейін сәнін жоғалтпайтын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, бұта мен астық тұқымдас өсімдіктер егілген. Сондай-ақ гортензия, тобылғы, шатыраш (шалфей), көкжалбыз (котовник), қызылкүрең де бар», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Азаматтардың серуені жайлы болуы үшін баспалдақтар мен айналаны асықпай тамашалауға болатын алаңдар да салынған. 

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/08/img_6593.mp4

Айта кетейік, бұдан бөлек Гоголь және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы трамвай депосының орнына креативті кластер салынатын болды.