
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) ресми түрде супер орта салмаққа (76,2 келі / 168 lbs) өтіп, жаңа дивизионның WBO рейтингінде бірден 2-ші орынға жайғасты.
WBO рейтингі
Жаңартылған WBO рейтингінің көш басында бокс әлемінің басты жұлдыздарының бірі орныққан:
- Чемпион: Хамза Шираз (Ұлыбритания)
- 1-орын: Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
- 2-орын: Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
- 3-орын: Диего Пачеко (АҚШ)
- 4-орын: Якоб Банк (Дания)
Рейтингте бірден екінші орынға шығу Жәнібектің жаңа салмақта да міндетті үміткер мәртебесін тез арада алып, титулдық жекпе-жекке қол жеткізу мүмкіндігі өте жоғары екенін көрсетеді.
Супер орта салмақтың басты чемпиондары мен әлеуетті қарсыластар
Жәнібек Әлімханұлы бағындыруды көздеген 76,2 келі салмақтағы негізгі белбеу иелері:
- WBC: Кристиан Мбили (Франция, 29-0-1, 24 KO)
- WBA: Хайме Мунгия (Мексика, 46-2, 35 KO)
- WBO: Хамза Шираз (Ұлыбритания, 24-0-1, 19 KO)
- IBF: Ослейс Иглесиас (Куба, 15-0, 14 KO)
Қазан айында Сауль Альварес Кристиан Мбилимен жұдырықтасады. Алдағы уақытта Жәнібек пен Канело арасындағы жекпе-жекті де көріп қалуымыз әбден мүмкін.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуінен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысқан еді.