Жаңалықтар

Қазақстан уран өндірісін 9 пайызға арттырды

Уран өндірісі артты / Фото: shutterstock.

Қазақстан 2026 жылдың 6 айында уран өндірісін 9 пайызға арттырған. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 2026 жылдың І жартыжылдығыдағы өндірістік нәтижесінде жазылған.

Компания дерегіне сәйкес, елдегі уран өндірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып, 13 291 тоннаға жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсетекіш 12 242 тонна болған еді.

Өндіріс көлемінің өсуі 2026 жылға арналған жоспармен байланысты. Бұл шешім компанияның болжамы және жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясындағы міндеттемелерге сәйкес қабылданған.

Осы орайда «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылға арналған жалпы өндірістік жоспарын қайта растады. Компания жыл соңына дейін 27 500 – 29 000 тонна аралығында уран өндіруді жоспарлап отыр.

Өндірісте өсім байқалғанымен, есепті кезеңде сатылған көлемі 1%-ға төмендеп, 7 586 тоннаны құрады. Соған қарамастан қаржы көрсеткіштеріне нарықтағы бағаның өсуі оң әсер етті: уранның орташа бағасы 16%-ға, ал споттық нарықтағы баға 25%-ға қымбаттады.

Негізінен табиғи уранды ядролық отынға қайта өңдеудің аралық өнімі – уран тотығы-оксидінің концентратын ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы сататын компания споттық нарыққа тек шағын көлемді ғана шығарады.

Қазақстанның өз атом станциялары жоқ және ядролық цикл өнімдерін тұтынбайды. Десе де, оның кен орындарындағы уран қоры әлемдік қордың шамамен 15%-ын құрайды және бұл көрсеткіш бойынша еліміз тек Австралияға жол береді.

2019 жылы Лондон қор биржасында акцияларын орналастырған «Қазатомөнеркәсіп» уранды өз бетінше де, бірлескен кәсіпорындар шеңберінде де өндіреді. Компанияның негізгі акционерлері:

  • ҚР Қаржы министрлігі – 12,01%.
  • «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – 75%;
  • CITIBANK, N.A.-NY (номиналды ұстаушы) – 24,35%;

Компания 2025 жыл үшін 335 млрд теңге дивиденд төлеген.