Жаңалықтар

Қытай азаматына тиесілі мұнай компаниясы дивиденд төлемейді

Қытай азаматына дивиденд төлемейді / Фото: shutterstock

«Мәтен петролиум» мұнай компаниясы 2025 жылғы таза пайдасынан акцинерлеріне дивиденд төлемейтін болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған.

Компания былтыр 24,7 млрд теңге таза пайда тапқан. Акционерлердің шешімімен тапқан табыс компания иелегінде қалмақ.

Атырау облысында мұнай өндіретін компания негізі 2010 жылы қаланған. Былтыр компания табысын арттырып, таза пайдасын 12, 1 млрд теңгеден 24,7 млрд теңгеге дейін жеткізіп, екі еселеді.

Кәсіпорынның түпкі иесі – қытай азаматы Хуэй Линг. Ол  Sino-Science Netherlands Energy Group B.V компаниясы арқылы 99,9 пайыз акциясын иеленсе, ал миллиардер Бахаридин Аблазимов 0,9 пайыз иеленеді.

Бахаридин Аблазимов – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 35-орында тұр. Оның байлығы 327 млн долларға бағаланады.