Жаңалықтар

Ұлттық банк шілдеде зейнетақы қоры үшін 375 млн доллар сатып алған

Ұлттық банк валюта нарығына шолуын жариялады / Фото: kursiv.media архиві

Ұлттық банк шілдеде Ұлттық қордан 500 млн доллар алған. Бұл қаржы бюджет қажеттілігі үшін 2026 жыл соңына дейін біркелкі сатылады, деп хабарлады бас банк.

Өткен айда қордан 200 млн доллар сатылған. Тамыз айында 200-300 млн доллар сатылуы ықтимал. Теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 473,81 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайған.

Шілдеде теңестіру операциялары шеңберінде шамамен 374 млрд теңге алынды. Тамыз бойы осы мақсатта 374 млрд теңге баламасында валюта сатылмақ. Ал квазимемлекеттік компаниялар экспорттан түскен түсімінің 195 млн долларын биржаға шығарған. Алайда шілденің ортасынан бері ірі компаниялардың түсімінің 50 пайызын қор биржасында сату талабы жойылған.

Бұл ретте бас банк зейнетеқы қоры үшін 375 млн доллар сатып алған.

«Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру мақсатында шілде айында биржадағы сауда-саттықта жалпы сомасы 375 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 4,4%-ын құраған шетел валютасын сатып алды. Алдағы шешімдер зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шеңберінде нарықтағы ахуалды ескере отырып қабылданады», – делінген хабарламада.

Маусым айында да БЖЗҚ үшін 92 млн лоллар сатып алынған болатын.