Жаңалықтар

Экологтар Қашаған кен орнындағы күкірт қоймаларына қайта тексеріс жүргізді ме

Экологтар кен орнында қайта тексеріс жүргізді ме / Фото: ncoc.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

2022 жылы Атырау облысының экологтары Қашағанда тексеріс жүргізіп, кен орнын игеріп отырған компания күкіртті артығымен сақтағанын анықтаған. Соның негізінде қомақты айыппұл салынып, NCOC компаниясынан 2,3 трлн теңгені мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс қоғалғаны белгілі.

Аймақ экологтары одан бері кен орнындағы қоймаларда күкірт қай деңгейде сақталып жатқанына қатысты қайта тексеріс жүргізбеген.

Бұл туралы Экология министрлігінің Kursiv.Media реси сауалына берген жауабында жазылған.

«Департамент тарапынан NCOC компаниясының күкірт қоймаларына қатысты аталған тексерістен басқа тексеру іс-шаралары жүргізілген жоқ», – деліген жауапта.

Қашаған – Shell, TotalEnergies, ExxonMobil, қытайлық CNPC, италиялық Eni, жапонның Inpex және отандық «ҚазМұнайГаз» компаниялары бірігіп игеріп жатқан еліміздегі ең ірі мұнай жобасы.

Үкімет концорциумға айыппұлды 2026 жылдың 20 шілдесіне дейін ерікті түрде төлеуге уақыт берген. Ал 21 шілдеде айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалды.