
Грузиядағы жалғыз мұнай өңдеуші зауыт шикізатты Ресейден емес, Қазақстан мен Ливиядан алатын болды. Black Sea Petroleum (BSP) кәсіпорыны таратқан мәліметте осылай делінген.
Грузин мұнай өңдеу зауыты мұнай шикізатын жеткізуді диверсификациялау жоспарын жүзеге асырып жатқанын хабарлады.
«2026 жылғы 1 шілдеде BSP биылғы тамыз-қыркүйек айларында мұнайды Ресейден алмайтынын жариялады. Кулевидегі мұнай өңдеу зауыты шілдеде Қазақстан мұнайын өңдей бастады. Қалған шикізатты тамызда өңдеуді жалғастырады», – деп хабарлады грузин компаниясы.
BSP Ресей мұнайынан бас тарту туралы шешімді Еуропалық комиссиямен және басқа да мекемелермен әріптестінің жемісі деп түсіндірді.
Бұған қоса грузин компаниясы тамыздың екінші жартысында шикізатты Ливиядан алдыруды көздеп отыр. Екі ел арасындағы келісім 2027 жылдың аяғына дейін жарамды.
Грузияның мұнай өңдеу зауыты Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларына іліккен. Кулевидегі кәсіпорын шектеулердің 21-пакетіне кірген. Санкция 24 маусымда қабылданған.
Айта кетейік, өткен айда Қазақстанның үш компаниясы ЕО санкциясына іліккен.