Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Қостанай облысында ұсталды

Полиция Астаны показала видео задержания пьяного Елеусинова после ДТП
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Қостанай облысында ұсталды / Фото: pexels

Жітіқарада алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамға мамыр айынан бері іздеу салынған. Оны қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы кезінде анықтады.

Жеке басы анықталғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдады.

Полиция сот төрелігі органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіру және ұстау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін биыл сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 13 адам сотталды