Жаңалықтар

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2025 жылы қанша теңге пайда тапты

Телеарна қанша пайда тапты / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» 2025 жылы 77,4 млн теңге таза пайда тапқан. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

Соның 70%-ы (54 157 600 теңге) мемлекеттік акциялар пакеті бойынша республикалық бюджетке дивиденд ретінде аударылады.

Ал 30%-ы (23 210 400 теңге) корпорацияның өзінде қалып, ұйымды одан әрі дамытуға жұмсалады.

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 60 теңге 80 тиын болып бекітілді.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы жеке телеарна басшылары қандай жалақы алатыны белгілі болған.