
2026 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Аймақтар бойынша:
- Ақмола облысы – екі өрт;
- Батыс Қазақстан облысы – екі өрт;
- Қарағанды облысы – бір өрт.
Ақпаратқа сүйенсек, өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жердегі патрульдеуі барысында анықталды, одан кейін өрт болған орындарға дереу қажетті күштер мен құралдар жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, ал бірқатар аймақтарда толықтай жойылды.
Өртті сөндіруге «Қазавиаорманкүзеті» РМҚК қызметкерлері, сондай-ақ, орман шаруашылығы мекемелерінің күштері, құралдары мен техникасы жұмылдырылды.
Ыстық ауа райының сақталуына және найзағайлы майдандардың өтуіне байланысты құтқарушылар табиғатта демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін 2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелген еді.