Жаңалықтар

Ресейде жалғызбасты әйелдер үшін жұма күнін демалыс ету ұсынылды

Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ресейлік қоғам қайраткері әрі әнші Екатерина Шульгина жалғызбасты әйелдерді, әсіресе баласы бар аналарды жұма күні жұмыстан босатуды ұсынды.

 Оның пікірінше, бұл олардың жеке өміріне көбірек уақыт бөліп, демографиялық ахуалды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

Шульгина бұл бастамасын «Абзац» басылымына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, аталған санаттағы әйелдер үшін төрт күндік жұмыс аптасын енгізу олардың өзіне күтім жасауына, демалуына және жаңа қарым-қатынас құруына мүмкіндік береді.

Қоғам қайраткері мұндай шара әсіресе 28 жастан асқан, тұрмыс құрмаған әйелдердің жұмыс жүктемесін азайтуға көмектеседі деп есептейді.

Сонымен қатар ол көпбалалы аналарға да қосымша демалыс күнін беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл олардың отбасымен көбірек уақыт өткізуіне жағдай жасайды.

Әзірге бұл бастама ресми ұсыныс деңгейінде айтылған және мемлекеттік органдар тарапынан қаралып жатқаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кететін жайт, қорғаныс министрлігі ведомствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Алтынбаевтың әйелдерді ерлермен бірдей мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бастамасына пікір білдірген еді.