Жаңалықтар

«Спартактың» бұрынғы бапкері «Жеңіс» клубына келе жатыр

Жеңіс футбол клубының ойыншысы
«Жеңіс» клубын шетелдік маман баптауы мүмкін / фото: Instagram/jenisfk.kz

Босния және Герцеговина азаматы Владимир Слишкович «Жеңіс» клубымен келісімшартқа отыру үшін Астанаға келе жатыр. Бұл туралы спорт журналисі Иван Карпов Telegram-арнасына жазды.

Мәліметтерге қарағанда, 43 жастағы бапкер сейсенбі, 4 тамыз күні елордаға ұшып шығады. Ол бұған дейін «Спартак» (Мәскеу) бас бапкерінің көмекшісі, «Орынбор» клубының бас бапкері қызметтерін атқарған.

«Жеңістің» бас бапкері Әли Әлиев қызметтен кетіп жатқанын растаған. Айта кетейік, шілде айында астаналық клубтың бас директоры қызметіне Давид Лория тағайындалған.

Қазақстан Премьер-Лигасында ойнайтын «Жеңіс» қазір 8-орында тұр. Ол 20 турда 23 ұпай жинаған: 5 жеңіс, 8 тең ойын және 7 жеңіліс.