
Новороссийск жағалауында көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдап жүрген түрік кемесі отқа оранды. Оған Украина дрондары шабуылдаған деп жазады İhlas Haber Ajansı агенттігі.
Басылым дерегінше, NADEZHDA атты жүк кемесінің бортында 22 теңізші болған, оның 13-і – Түркия азаматтары. Олардың төртеуі жараланған. Новороссийск теңіз құтқару-координациялық орталығының дерегінше, кемедегі теңізшілер Новороссийск портына эвакуациялаған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, 3 қызметкердің жағдайы ауыр болуы мүмкін.

Кеме Самсуннан Ресейдің Новороссийск қаласына қарай жеміс-жидек тасымалдап бара жатқан. Түркия уақытымен сағат 16:30 шамасында Новороссийскіден 30 теңіз милі қашықтықта шабуылға ұшырап, өрт шыққан. Кеме капитаны Ялчын Шахин 6-7 дрон шабуылдағанын және олар украиналық болғанын айтады. Бірақ бұған қатысты Украина ресми түрде пікір білдірмеді.
Түркияның Теңізшілік бас басқармасы мәліметінше, тұрғын үй блогы зақымданған, өрт әлі жалғасып жатыр.
Бұған дейін Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл жасалғанын жазған едік. Өрт украиналық дрон шабуылынан кейін басталған. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.