Жаңалықтар

Алматы зообағында Фидель атты қолтырауын қырыққа толды

Алматы зообағында Фидель атты қолтырауын қырыққа толды
Қырық жастағы Фидель / фото: Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағы 5 тамызда Фидель атты қолтырауынның 40 жасқа толған туған күнін атап өтті. Ол 1986 жылы дүниеге келген.

Фидель Қазақстанға 25 жыл бұрын Ригадан әкелінген. Қазір оның ұзындығы шамамен 4 метр, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Туған күнде зообақ мамандар қолтырауынның сүйікті асы – сиыр етінен арнайы мерекелік «торт» әзірледі. Қызметкерлердің айтуынша, Фидельдің жағдайы жақсы, белсенді. Оның денсаулығын ветеринарлар үнемі бақылап тұрады.

Кубалық қолтырауындар бірнеше ондаған жыл өмір сүре алады. Фидельге аптасына бір рет азық беріледі. Себебі бауырымен жорғалаушылардың азықты қорытуына ұзақ уақыт қажет. Әдетте оны әр сейсенбі сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін тамақтандырады. Осы уақытта зообаққа келушілер оның тамақтану сәтін көре алады.

Шілденің басында Алматы зообағында шайқағыш жанаттар 20 жылда алғаш рет төлдеген.