Lifestyle

Астана – Бішкек бағытындағы рейстерге 20% жеңілдік жарияланды

Бір бағыт билеттеріне жеңілдік жарияланды/Фото: pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Vietjet Air әуе компаниясы 20% жеңілдік жариялады. Алайда бұл мүмкіндікті Астана – Бішкек – Астана бағытына ғана қолдануға болады.

Осылайша 2026 жылдың 5-7 тамызы аралығында BSZ08 промокодын пайдаланып, Астана – Бішкек, Бішкек – Астана бағытындағы билеттерге 20% жеңілдік ала аласыз. Ескере кететін жайт, жеңілдік 5 тамыз бен 27 қазан аралығындағы сапарларға ғана жарамды.

Бұған дейін Vietjet Air халықаралық рейстерге арзан билеттер сатылымын бастады. Соған сәйкес 1-8 тамыз аралығында жолаушылар әуе компаниясының халықаралық бағыттарына билеттерді арнайы бағамен сатып ала алады.