
Астанада жаңбырдан кейін қала көшелерін су басты. Кей жолда жаңбыр суы жиналып, көлік қозғалысы қиындаған. KursivMedia фототілшісі көшедегі көлік қозғалысы мен жаңбырдың тұрғындардың тіршілігіне қалай әсер еткенін көріп қайтты.


Бұған дейін синоптиктер 5-7 тамызда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейетінін болжады. Кей жерде бұршақ жаууы да мүмкін.


