Жаңалықтар

Астанада полиция бөлімшесінің әйнегін шаққан ер адам қамауға алынды

Полиция Астаны показала видео задержания пьяного Елеусинова после ДТП
Астанада полиция бөлімшесінің әйнегін шаққан ер адам қамауға алынды / Фото: pexels

Астана тұрғыны полиция бөлімшесінің есігін бүлдіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлады қалалық прокуратурасы.

Оқиға 4 маусым кешке болған. Мас күйде болған ер адам кіреберіс есіктің әйнегін шаққан. Ол 90 мың теңге көлемінде зиян келтірген. Құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.

Осыған ұқсас вандализм фактісі Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте де тіркелді. 38 жастағы астаналық маңдайшаларды жұлып алып, жыртып, шетке лақтырып жіберген. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

«Осыған ұқсас жағдай 20 мамырда сағат 17.30 шамасында орын алды, онда елорданың 20 жастағы тұрғыны шлагбаумды әдейі бүлдірген. Оған 50 АЕК (2026 жылы 216 250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін әдейі жойғаны және бүлдіргені үшін барлығы 94 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

  • 67-сі қамауға алынды;
  • 27-сіне жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде боғауыз сөз айтқан астаналық тұрғын бес тәулікке қамалған еді.