Жаңалықтар

БҰҰ: Иран билігі наурыздан бері 56 өлім жазасын орындаған

Иран ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді.
фото: shutterstock

Иранда 19 наурыздан бері кем дегенде 56 өлім жазасы орындалған. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басқармасының басшысы Фолькер Түрік мәлімдеді.

«Мені Иранда наурыздан бері өлім жазасына кесу мен оны орындаудың көбейгені алаңдатады. Билік оны халық пен еркін ойлы азаматтарды қорқыту амалы ретінде қолданып отыр», – дейді ол. Түріктің мәлімдемесін Reuters таратты.

Өлім жазасына кесілгендердің басым бөлігіне ұлттық қауіпсіздікпен байланысты айыптар тағылған. 27 адам жыл басындағы наразылық акцияға қатысқаны үшін ең ауыр жазаға кесілген.

2026 жылғы қаңтарда мыңдаған адам үкіметке қарсы наразылыққа шықты. Оған ұлттық валютаның өте қатты құнсыздануы себеп болды.

БҰҰ өкілі Тегеранды адамдарды өлім жазасын кесуді доғару шақырды.