
Дастан Сәтбаевтың лондондық «Челси» сапындағы «Уэстерн Сидней Уондерерс» қақпасына соққан добы Sydney Super Cup турнирінің ең әдемі голы атанды.
Турнир барысында ерекше көзге түскен отандық талант австралиялық клубқа қарсы кездесуде әдемі өрбіген шабуылды шебер аяқтап, командасына маңызды ұпай алуға көмектескен еді. Австралияда өткен доп додасының қорытындысы бойынша жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беруде Сәтбаевтың соққысы көш бастап, турнирдің ең үздік голы номинациясын жеңіп алды.

Австралиядағы сәтті сапардан кейін лондондықтар маусымашар дайындықты одан әрі жалғастырып жатыр. Бүгін 5 тамыз күні «Челси» кезекті жолдастық кездесуін Туриннің «Ювентусына» қарсы өткізеді.