
Украиналық дрондар шабуылына ұшырағаннан кейін Wildberries компаниясы мен оның ойыншыларының шығыны 100 млрд рубль (қазіргі бағаммен 583 млрд теңге – ред.) болуы мүмкін. Нарық қатысушыларынан пікір алған The Bell осылай жазады.
Кей сарапшылардың сөзінше, 100 млрд рубль – дрондар соққысынан болған тікелей шығын. Алайда бұл нақты сома емес. Болған жағдайдан кейін онлайн-сауда саласында екінші апта қатарынан құлдырау байқалып жатыр.
«Wildberries компаниясын және оның мыңдаған сатушыларын мемлекет құтқаратын шығар, бірақ жарты жылдың өзінде бюджеттегі дефицит 5,7 рубль болғанын ескерсек, оған ақша да жоқ», – деп жазады басылым.
Бұған дейін ресейлік Forbes сарапшылары Wildberries сатушыларының шығыны 280 млрд рубльге дейін жетуі мүмкін деп бағалаған.
Ал маркетплейс платформаға тіркелген 185 мың сатушыға өтемақы төлегенін, төлем жасау әлі де жалғасатынын хабарлаған.
Өткен айда Украина тарапы компанияның Ресейдегі қоймаларына кемі бес рет шабуыл жасады. Бірнеше нысанда жұмысшылар қайтыс болып, ондаған адам жараланған.
Компания иесі Татьяна Кимнің мәліметінше, шабуыл салдарынан Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан және Қытайдың ондаған мың кәсіпкері миллиардтаған теңге шығынға батқан.