Жаңалықтар

Михаил Шайдоров 2030 жылғы Олимпиадаға кіммен дайындалатынын айтты

Михаил Шайдоров 2030 жылғы Олимпиадаға кіммен дайындалатынын айтты
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алдағы маусымда өзімен бірге жұмыс істейтін бапкердің кім болатынын айтты.

Жанкүйерлердің «Алексей Урмановпен жұмысты жалғастырасыз ба?» деген сұрағына жауап берген Шайдоров бапкерімен бірге түскен суретін жариялады.

«Әрине, жаңа маусымға дайындалып жатырмыз», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Алексей Урманов Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Олимпиададағы жеңіске дайындаған болатын.

Сондай-ақ спортшы 2030 жылы Альпіде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу жоспары туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, ол төртжылдықтың басты жарысына дайындықты бастап кеткен.

«Қазір бар күш-жігерімді жаттығуға арнап, 2030 жылы өтетін Олимпиадаға дайындалып жүрмін», – деді Шайдоров.

Еске салсақ, бұған дейін Шайдоров АҚШ-қа барып, америкалық маман Рафаэль Арутюнянның жетекшілігімен жаттыққан.