Жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жасалып жатыр

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, мұны «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары қолға алған.

«Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады», – делінген ақпаратта.

Министрлік мәліметінше, кесененің ішкі бөлігінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.

1980-жылдары Наурызды қайта жаңғырту мәселесі көтеріле бастады. Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдің пікірінше, бұл бастаманы қолдаған тұлғалардың бірі – мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Мәдениет министрі, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.