Қоғам

Рақымшылыққа іліккен 620 адам бостандыққа шықты

700-ден аса адамның жаза мерзімі қысқартылды/фото: shutterstock

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық аясында 620 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шықты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев мәлімдеді.

Айтуынша, босап шыққан азаматтар енді әкімшілік қадағалауда болады. 

Одан бөлек пробация қызметі есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды. Мекемелерде жазасын өтеп жатқан 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық және әкімшілік істерге рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Рақымшылыққа ілікендердің арасында Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов та бар.

Ескере кететін жайт, сыбайлас жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар, кәмелетке толмағандарды зорлау, азаптау, сондай-ақ қауіпті және аса қауіпті қайталанған қылмыстар үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасалмайды.