
Қазгидромет синоптиктері 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың болжамын жариялады.
Метеорологтердің болжамы бойынша, 2026 жылдың тамыз айында бірден бірнеше өңір құрғақшылық қаупінде тұр.
Қауіп аймағына енген өңірлер мен аудандар:
- Батыс Қазақстан облысы – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары;
- Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
- Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
- Алматы облысы – Балқаш ауданы;
- Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандары;
- Түркістан облысы – Арыс қаласы, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандары;
- Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, еліміздің тек екі ауданында – Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы мен Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ғана орташа ылғалды жағдай болжанып отыр.
«Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі», – делінген хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» 5 тамызға ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Астанада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады, елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық болады.