Жаңалықтар

Үргенішке билет 37 000 теңгеден: FlyArystan тікелей рейстерге науқан жариялады

Фото: flyarystan.com

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерге арналған науқанның басталғанын хабарлады.

Компанияның мәліметінше, арнайы ұсыныс аясында жолаушылар төрт күн ішінде әуебилеттерді тиімді тарифтермен сатып ала алады. Билеттерді сату кезеңі 2026 жылғы 5-8 тамыз аралығында өтеді.

Науқандық билеттермен 2026 жылғы 3 қыркүйек пен 15 қараша аралығында саяхаттауға болады. Науқан аясында келесі тарифтер: Алматы – Үргеніш – бір бағыттағы билет 38 000 теңгеден бастап; Үргеніш – Алматы – бір бағыттағы билет 37 000 теңгеден бастап қолжетімді.

Арнайы бағамен ұсынылатын билеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан, мобильді қосымшасынан, сондай-ақ туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Көрсетілген баға базалық тариф бойынша есептелген және оған салмағы 7 келіге дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгін алып жүру кіреді.

Алматы – Үргеніш бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жаңа бағыт Үргеніш әуежайынан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген көне Хиуа қаласына, сондай-ақ Хорезм облысының басқа да туристік көрікті жерлеріне ыңғайлы қатынауға мүмкіндік береді.

Мұның алдында FlyArystan Алматыдан Чунцинге тікелей рейс іске қосатынын жария етті