Жаңалықтар

Оқу ғимараттары: Алматының ең үлкен университтері

Алматыдағы ЖОО ғимараттары мен аумағы / фото: gostudy

Алматыны Қазақстанның білім орталығы деп атауға негіз бар. Қаладағы университеттер бір ауданда ғана емес, орталықтан бастап батыс және шығыс бөлікке дейін таралған.

Kursiv Media рейтингіне қаладағы 10 жоғары оқу орнының ғимарат саны енгізілді. Рейтингті жасау кезінде оқу корпустары, әкімшілік ғимараттар және университетке тиесілі өзге де негізгі нысандар есепке алынды.

Алматы университеттері: оқу корпустары бойынша топ-10

1
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
kaznu.kz
14оқу корпусы
2
Abai University
abai.university
9оқу корпусы
3
KazNARU
kaznaru.edu.kz
8оқу корпусы
4
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
kaznmu.edu.kz
7оқу корпусы
5
Satbayev University
satbayev.university
6+оқу корпусы
6
QyzPU
qyzpu.edu.kz
3оқу корпусы
7
AlmaU
almau.edu.kz
3оқу корпусы
8
KIMEP University
kimep.kz
3+оқу корпусы
9
IITU
iitu.edu.kz
1+оқу корпусы
10
«Тұран» университеті
turan.edu.kz
1+оқу корпусы

Ескерту: жатақхана, кітапхана, спорт кешені, клиника және өзге инфрақұрылым нысандары есепке алынбады. «+» белгісі университеттің толық ғимарат саны ашық жарияланбағанын білдіреді.

Жоғары оқу орындары Алматының тек ірі мегаполис емес, мыңдаған студент білім алатын, ғылыми және академиялық өмірі қарқынды дамыған қала екенін де көрсетеді.

Бұған дейін, елдегі ең қымбат 15 университеттің оқу ақысы туралы жазғанбыз.