Жаңалықтар

Астанада атқа мініп, серуендеген ер адам жазаға тартылды

фото: бейнежазбадан

Астанада көшелерде атпен жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Ол елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде атқа мініп, видеоконтент түсірген.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам атпен автожол және жаяу жүргіншілер жолы арқылы жүріп, тұрғындардың қозғалысына кедергі келтірген.

Кейін «Бәйтерек» монументіне қарай бет алған кезде жылқы қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, жасыл желекке зақым келтірген.

Осыған байланысты ер адамға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

Айта кететін жайт, Астанада полиция бөлімшесінің әйнегін сындырған ер адам қамауға алынды.