
Биыл білім беру гранттарының басым бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Еңбек нарығы сұранысына сәйкес, гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді.
2026-2027 оқу жылына бакалавриатқа шамамен 75 мың білім беру гранты бөлінді. Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданып, гранттар ҰБТ нәтижелері, талапкерлер таңдауы және заңнамада белгіленген квоталар ескеріліп тағайындалған.
Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады.
Грант иегерлерінің тізімін Ғылым және жоғары білім министрінің ресми ресурстарынан көруге болады:
- Telegram-канал: SayasatNurbekOfficial
- Facebook: sayasat
- Instagram: sayasatnurbek
- Ресми сайт: sayasatnurbek.com
Сонымен қатар нәтижелер Министрліктің ресми ақпараттық алаңдарында жарияланады:
- Ресми портал: gov.kz/memleket/entities/sci
- Telegram-канал: gylym_jogary_bilim
- Facebook: gylym.jogarybilim
- Instagram: gylym_jogarybilim