Жаңалықтар

Елена Рыбакина Торонтодағы турнирді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина выиграла первый матч на турнире WTA-1000 в Торонто
Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 2-ші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің 1/32 финалында тартысты матч өткізіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Рыбакинаның бұл турнирдегі алғашқы қарсыласы Австралия өкілі Дарья Касаткина (WTA: 61) болды. Кортта 2 сағат 35 минутқа созылған ауыр матч 2:1 (6:3, 5:7, 6:4) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Елена Рыбакина 1/16 финалда АҚШ өкілі Энн Лимен (WTA: 31) кездеседі. Матч 7 тамыз күні өтеді деп жоспарланған.