Жаңалықтар

Ким мен Огайға тиесілі Kazakhmys Copper қор биржасынан ерікті делистинг жасады

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Милиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Kazakhmys Copper акциялары Қазақстан қор биржасында сатылмайтын болды. Компания акционерлері KASE-ден ерікті делистинг жасау туралы шешім қабылдаған.

«Kazakhmys Copper» (Қазақмыс Коппер) АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жай акцияларын (ISIN KZ1C00001379) «Қазақстан қор биржасы» АҚ бағалы қағаздарының ресми тізімінен ерікті делистингті бекіту және жүзеге асыру шешілді», – делінген хабарламада.

Kazakhmys Copper – былтырға дейін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі ірі өндіріс орындарын басқарып келген компания. Ол 2016 жылғы 15 қарашада тіркелді. Қазір KCC Copper Limited компаниясына тиесілі.

Былтыр қос миллардер «Қазақмыс» тау-кен алыбын кәсіпкер Нұрлан Артықбаевқа сатқан. Содан кейін Kazakhmys Copper меншігінде 9 еншілес компания қалған.

KCC Copper Limited компаниясын миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай 2025 жылдың күзінде құрған. Владимир Ким 5,7 млрд доллар дәулетімен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде үшінші орында тұр. Ал Эдуард Огай 761 млн доллармен 14-орынға жайғасқан.