
Биыл күзде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп туралы деректі сериал шығады. Бұл туралы оның кеңесшісі Марк Бекман хабарлады.
«Біз мүлде басқаша, ерекше, жаңа деректі сериал шығарамыз. Эксклюзивті түрде Amazon Prime-да жарық көреді», – деді Бекман.
Сериалда Мелания Трамптың жолдасы екінші рет президенттік маусымға сайланғаннан кейінгі оның жеке өмірі, қайырымдылық жобалары туралы баяндалады. Әзірге нақты датасы белгісіз.
Бұған дейін Amazon MGM Studios бірінші ханым жайлы Melania атты деректі фильм шығарған. Бірақ картина көпшілік көңілінен шықпады. Amazon 75 млн доллар бюджет бөлгенмен прокатта бар болғаны 16,6 млн доллар жинаған.
Кей деректерге сүйенсек, Мелания Траптың жеке есепшотына 28 млн доллар кеткен. Ал деректі фильмнің өзі Трамп отбасына 10,71 млн доллар табыс әкелген.
Оқи отырыңыз: Мелания Трамп Ақ үйде жиналғандарға гуманоид роботты таныстырды