Жаңалықтар

Өскеменде Галя атты есек оңалту орталығына жеткізілді

unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Өскемендегі «Досым» қаңғыбас жануарларды оңалту орталығына Галя есімді есек әкелінді.

YK-news.kz ақпаратына қарағанда, ол жуырда паналаған Орлик атты қодыққа серік болмақ.

Орталық мамандарының айтуынша, есек – жалғыздықты ұнатпайтын жануар. Сондықтан оның жанында міндетті түрде серігі болуы керек.

«Орликті қарап жүрген ветеринар оған жалғыз қалуға болмайтынын айтты. Әйтпесе, жылқы күйзеліске түсіп, агрессия танытуы мүмкін. Сондықтан ауылдан Галяны сатып алып, панамызға әкелдік», – дейді орталық өкілдері.

Екі апталық Орлик паналауға биыл маусым айында түскен. Енесіз қалған қодықты еріктілер кездейсоқ тауып алған. Олар бастапқыда панадағы жануарларға азық ретінде жылқының өлексесін алуға барған. Алайда сол жерде енесін іздеп ақырып тұрған қодықты көрген.

Шопанның оны әр екі-үш сағат сайын қоректендіруге мүмкіндігі болмаған. Сондықтан еріктілер оны сатып алып, «Досым» орталығына жеткізген. Қазір Орлик сонда күтім көріп жатыр.

В Усть-Каменогорске в приюте для животных появился ослик

Айта кететін жайт, Өскемен хайуанаттар бағында қодас төлдеп, оған Жұлдызша есімі берілген еді.