
Халықаралық іздеуге жүрген Қайсар Қамза елге жеткізілді. Бұған дейін блогердің Вьетнам әуежайындағы фотосы тарады. Содан кейін Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені айтылды.
Блогер елге Камрань — Астана рейсімен жеткізілген. Ұшақ Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жеткізілгенге дейін ғимарат ішінде құзырлы орган қызметкерлерінің қарасы көбейді.

Сондай-ақ әуежайда халықаралық рейстен түскен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері байқалды. Ал әуежай маңына Ішкі істер министрлігінің қызметтік көліктері қойылған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтарында Қамза әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан.
Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.
Жалпы қылмыстық топ қатысушылары 2021 жылдан бастап 2025 жылды қоса есептеген мерзімде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.
Қылмыстық топтың 9 сыбайлас қатысушысы қамауға алынған.
Айта кетейік, 2026 жылдың сәуірінде миллионнан астам оқырманы бар блогер Вьетнамда ұсталды.