Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың 14 баласына қатысты жер дауы сотқа жетті

коллаж: kursiv.media(Фото: saliqaly.kz), бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды.

Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, талап-арызды Қарасай ауданының прокуроры берген.

Жауапкерлер қатарында Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, үш компания, сондай-ақ Болат Назарбаевтың жұбайы, ұлы Нұрбол және тағы 13 баласы бар. Балалардың бір бөлігі кәмелетке толмағандықтан, олардың аты-жөні жарияланбайды.

Прокуратура жер телімін сатып алу-сату және қабылдап алу-беру актілерін жарамсыз деп тануды сұрап отыр. Әзірге сот материалдарында жердің балалардың меншігіне қалай өткені және мәмілені не себепті жарамсыз ету талап етілгені көрсетілмеген.

Алдын ала сот отырысы тамыз айының соңына жоспарланған.

Айта кететін жайт, Назарбаев әулетіне тиесілі компаниялар әлі бюджетке салық қарызын төлемеген.