
2025 жылы қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Қазақпарат.
«Азаматша Ұлдана Мырзуанның өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді», – деп жазылған ПД бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдиннің жауабында.
Бірақ сот отырысы қашан өтетіні белгісіз, әлі күні белгіленбеген.
Еске салайық, 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлады. Олардың бірі – Ұлдана Қалдырханқызы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.
Оның өлімінен кейін Тоқаев жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Ал желтоқсанда Ұлдананың құрметіне Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінді.