Жаңалықтар

«Талибанның» жыныстық кемсіту саясаты халықаралық қылмыс деп танылуы мүмкін

shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

50-ден астам халықаралық құқық және адам құқықтары сарапшысы гендерлік апартеидті халықаралық құқық аясында қылмыс деп тануға шақырды.

Afganistan International ақпаратына қарағанда, бастама ең алдымен Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың жағдайына арналды.

Үндеу 13 тамызда жарияланатын «Гендерлік апартеид және оның жойқын салдары туралы халықаралық декларацияда» қамтылған. Құжат авторлары оның мақсаты – ауған әйелдері мен қыздарының құқықтары үшін күресін қолдау және гендерлік апартеидті халықаралық құқық бойынша қылмыс ретінде тану бастамасын күшейту екенін айтты.

18 айлық халықаралық консультациялар нәтижесінде әзірленген декларацияға Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық соттың бұрынғы судьялары, БҰҰ-ның экс-қызметкерлері және Ауғанстан мен Оңтүстік Африка құқық қорғаушылары қол қойған.

Құжатта гендерлік апартеидке тыйымды Адамзатқа қарсы қылмыстар туралы конвенция жобасына енгізу және оған қарсы халықаралық құқық тетіктерін қолдану ұсынылған.

Гендерлік апартеид – бір жыныс өкілдерін (негізінен әйелдерді) жыныстық белгісі бойынша қоғамдық, саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірден жүйелі түрде шеттетуге бағытталған мемлекеттік саясат.

Айта кететін жайт, Ауғанстанның солтүстік-шығысында Бадахшан провинциясының ақпарат және мәдениет басқармасының басшысы Забихулла Амириді атып кеткен еді.