
Қазақстандықтар жиі тақымдайтын темір тұлпарлар – Toyota, ВАЗ және Hyundai маркалары болып шықты.
AutoReport хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі Toyota, ВАЗ және Hyundai маркалы автомобильдер Қазақстан жолдарында ең көп кездесетінін есептеп шыққан. Дәл осы брендтер еліміздің автопаркінде басымдыққа ие.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда шамамен 5,1 миллион жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл жыл басымен салыстырғанда 2,4%-ға көп.
Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің орташа жасы – 19 жыл. Ең ескі автопарк Жамбыл облысында, ең жас автопарк Астана қаласында тіркелген. Елордадағы көліктердің орташа жасы – 12 жыл.
Қазақстан автопаркіндегі ең көп таралған 10 көлік бренді мыналар:
- Toyota – 697 881;
- ВАЗ – 445 253;
- Hyundai – 394 925;
- Volkswagen – 290 265;
- Chevrolet – 266 355;
- Lada – 220 701;
- Kia – 213 903;
- Audi – 201 746;
- Nissan – 163 454;
- Mitsubishi – 160 416 көлік.
Айта кетейік, Қазақстандағы ең көп таралған 15 брендтің қатарында Қытайдың тек Changan маркасы ғана бар. Елде бұл брендтің 92 441 көлігі тіркелген.
Айта кететін жайт, қазақстандықтар 2026 жылдың алғашқы алты айында 4 мыңға жуық жаңа рамалы жол талғамайтын көлік сатып алған. Соның ішінде Toyota Land Cruiser Prado моделі көш бастап тұр.