Жаңалықтар

Жарылыстан 12 адам қайтыс болған дәмхана иесі кінәсін мойындады

фото: Aigul.uzakova парақшасынан

Көкшетауда 12 адам қайтыс болған «Центр плова» дәмханасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Дәмхана иесі сот алдында өз кінәсін мойындады.

Оның сөзінше, 2022 жылдың соңында таныстарының ұсынысымен «Центр плова» мейрамханасына инвестиция салып бастаған. Бірақ дәмхананы дұрыс бақыламағанын, қадағаламағанын мойындады. Мейрамханадағы өрт қауіпсіздігіне де дұрыс назар салмаған. Нысанды басқаруға мән бермей, басқарушылардың жұмысын тексермеген.

«Мен дәмхананы дұрыс басқармағанымды мойындаймын. Өрт қауіпсіздігіне қатысты құжаттарды да реттемедім», – деді ол.

Сот отырысында дәмханада бес газ баллоны болғаны анықталды. Бірақ кәсіпкердің өзі бұл туралы білмеген.

Еске салайық, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова Loft» дәмханасында газ баллоны жарылды. Жарылыстан өрт шығып, 26 адам зардап шекті. Соңғы деректер бойынша, өрттен 12 адам қаза тапты

Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 16 маусымда аяқталды. Іс бойынша бірнеше адам қамауға алынды.