
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі Ахуалдық орталық дәстүрлі түрде жұмысын бастады. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен қала әкімдігінің бастамасымен ашылған бұл орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) базасында орналасқан.
Жобаның негізгі мақсаты – онлайн-платформалар арқылы орын брондап үлгермеген немесе баспана табуда қиындықтарға тап болған студенттерге жедел көмек көрсету. Орталық мамандары өтініштерді қарап, арнайы база арқылы ЖОО жатақханаларынан немесе серіктес ұйымдардан уақытша тұратын орын ұсынады.
Жұмысты үздіксіз жүргізу үшін орталықта заманауи техникамен және бір мезгілде 10 қоңырау қабылдай алатын байланыс жүйесімен жабдықталған 8 жұмыс орны қарастырылған. Сондай-ақ келушілер үшін күту аймағы, оқу бұрышы және кофе-брейк орны дайындалған.
Ахуалдық орталықтың мекенжайы мен байланыс нөмірлері:
- Мекенжайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142.
- Байланыс телефоны: +7 700 255 14 43, +7 700 950 95 28, +7 727 237 01 70.
Оқи отырыңыз: Оқу ғимараттары: Алматының ең үлкен университтері