
Енді темір торда жазасын өтеп отырғандар түрмеде жүн түтіп, дайын өнім шығарып, табыс таба алады. Шымкент пен Түркістандағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жергілікті кәсіпкерлермен меморандум жасады.
Соның аясында колонияда жазасын өтеп жатқан 26 сотталушы жұмыспен қамтылды. Оларды «Прод Ком» ЖШС кәсіпорыны қабылдайды. Цех мал жүнін өңдеумен және одан дайын өнім өндірумен айналысады. Күн сайын 3 тоннадан астам жүн өңделіп, дайын өнім шетелге экспортталады.
Енді сотталғандар осы мекемеде жұмыс істеп, еңбекақы алады. Сол арқылы мемлекет алдындағы берешектерін, талап-арыздарын және жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, олар үш мезгіл тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етіліп, тұрақты бақылауыда болады.
Болашақта жұмыс орындарын көбейту жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Әскери қызметшілер цифрлық жүйе арқылы шағым түсіре алады