Жаңалықтар

Трамптың адвокаты АҚШ-тың Бас прокуроры болды

фото: СNN

АКШ Сенаты Тодд Бланшты елдің бас прокуроры қызметіне бекітті. Ол бұған дейін Дональд Трамптың жеке адвокаты болған. Енді Әділет министрлігін басқарады.

Бланштың кандидатурасын сенатор-республикашылдардың басым бөлігі қолдады. Дегенмен олардың арасынан Сьюзан Коллинз бен Лиза Мурковски қарсы дауыс берсе, демократтар кандидатты толықтай кері қайтарды.

Сенаттағы талқылау Әділет министрлігінің айналасындағы дауларға байланысты созылып кетті. Қарсы тарап Бланшты «ведомствоны Трамптың саяси қарсыластарына қарсы құрал ретінде пайдалануы мүмкін» деп айыптады.

Осыған дейін Әділет министрлігі 1,8 млрд долларлық арнайы қор құру туралы мәлімдеген еді. Бірақ сенаторлар бұл қаржы 6 қаңтардағы Капитолий оқиғасына қатысқандарды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін деп қауіптенді. Алайда Бланш мұндай қордың құрылмайтынына жазбаша кепілдік бергеннен кейін ғана оның кандидатурасы мақұлданды.

Тодд Бланш 2023 жылдан бері Трамптың мүддесін қорғап келген. Ал 2026 жылдың сәуірінде ол бас прокурордың міндетін атқарушы болып тағайындалып, кейін ресми түрде осы лауазымға ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Иранмен соғыс қашан аяқталады: Трамптың жаңа болжамы