
9 тамызда республикада тағы екі орман өрті тіркелді. Олардың бірі Ақмола облысында, ал екіншісі Бурабай ұлттық табиғи паркінде тұтанды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлайды.
Мәліметтерге қарағанда, өрт ошақтары әуе патрулі барысында анықталды. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары, сонымен бірге мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Министрлік орманда тұтанған өрт сөндірілгені туралы мәлімет берген жоқ.
Елде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күштері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.
«Қазгидрометтің» болжауына қарағанда, 10 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде күн ыстық және бұлтты болады. Оңтүстікте ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі.
Тақырыпқа орай: Батыста жолаушы автобусы өртенді: салонда 37 адам болған (видео)