Жаңалықтар

Алматыдағы Канье Уэсттің концерті күні 60 автобус тегін жүреді

Фото: Scott Dudelson / Getty Images

Алматыда Канье Уэсттің концерті болатын күні қалада 60 автобус көрермендерді тегін тасымалдайды. Қала әкімдігі осылай хабарлайды.

Автобустар Орталық стадионнан алты бағытқа қатынайды:

  • Алматы Арена – 10 автобус;
  • Райымбек батыр / «Алатау» метро бекеті – 10 автобус;
  • Алматы-1 теміржол вокзалы – 5 автобус;
  • Орбита – 5 автобус;
  • Жұлдыз шағынауданы – 10 автобус;
  • Алматы халықаралық әуежайы – 10 автобус.

Қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы да күшейтіледі. «Байқоңыр» метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілер «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекеттерін пайдалана алады. Ал жалпы метро жұмысы сағат 01:00-ге дейін, қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.

Концерт қауіпсіз өтуі үшін сол күні сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңында көлік жүргізуге тыйым салады. Абай даңғылы, Байтұрсынов көшесі мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында және сол аумақта қозғалыс шектеледі.

Оқи отырыңыз: Канье Уэст концертінің ұйымдастырушылары «Қайратқа» қанша өтемақы төлейді