Lifestyle

Еркебұлан Тоқтар өзіне ұқсайтын жігітке Iphone 17 сыйлады

фото: instagram

Әлеуметтік желіде белгілі актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өзіне ұқсайтын Ақ Қайрош есімді жігітпен танысып, бағалы сыйлық табыс етті.

Ақ Қайрош сырт келбетімен, мимикасымен және сөйлеу мәнерімен Еркебұлан Тоқтарға қатты ұқсайтындығымен танымал болған еді. Желідегілер оны бірден байқап, бейнероликтері қысқа мерзімде танымал болып, трендке айналды.

Еркебұлан Тоқтар өзіне ұқсайтын жігіттің сапалы видеолар түсіріп, желідегі парақшасын одан әрі дамытуына қолдау білдіруді жөн санаған. Бұрынғы телефонының сапасы төмендеу болғандықтан, актер оған жаңа смартфон сыйлауға шешім қабылдады.

Бұған дейін, Еркебұлан Тоқтар жас жігіттің анасының еміне 50 мың доллар берген еді.