Жаңалықтар

Ертең +44°С градусқа дейін аптап болады

Ертең +44°С градусқа дейін аптап болады
Фото: shutterstock

Қазгидромет 11 тамызға арналған ауа айы болжамын жарялады. Оған сәйкес атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстікте +44°С градусқа дейін аптап болады.

Сонымен бірге ел бойынша бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. 11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта +27…+39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25…+35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында +30…+42°С, оңтүстігінде +37…+44°С болады.