
9 тамызда Қырғызстанда 3 жер сілкінісі тіркелді. Ең жоғарысы 3,5 балл болды деп хабарлайды Қырғызстандағы Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмология институты.
Алғашқы сейсмикалық белсенділік таңғы сағат 09:33-те болды. Қуаты 3 балл шамасындағы жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында, Кочубаево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Ал Кочубаевоның өзінде тұрғындар 2 балдық дүмпуді сезген.
Екінші дүмпу кешкі сағат 18:33-те қайталанды. Бұл жолы магнитудасы 3,5 балға жеткен жер сілкінісінің ошағы Баткеннен оңтүстік-шығысқа қарай 126 шақырым жерде, Жар-Баши ауылының маңында болды. Сейсмологтардың мәліметінше, жақын маңдағы Чак, Кулчу және Шибээ ауылдарында жер сілкінісінің қуаты 2,5 балл шамасында сезілген.
Үшінші жер сілкінісі түнге қарай, сағат 21:42-де тіркелді. Ошағы Ош қаласынан 135 шақырым қашықтықта, Нұра ауылының маңында орналасқан бұл дүмпудің қуаты 3 балды құрады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісін зерттеу орталығы пайда болады