Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Абай Құнанбайұлы
фото: Ақорда

Президент Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Ол Абайдың «Толық адам» идеясын атап өтіп, мазмұны терең тұжырым деп тоқталады.

«Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым», – деп жазылған Тоқаев құттықтауында.

1845 жылы 10 тамызда ақын, ағартушы Абай Құнанбаев дүниеге келген.  Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Ал 2020 жылғы 5 тамыздағы Үкімет қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» болып мерекелік даталар тізбесіне енгізілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Абай күнін қалай атап өтеді