Жаңалықтар

Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты
Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты / Фото: Shutterstock

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып Германиядан келген ерлі-зайыпты көз жұмды. Олардың 9 жастағы қызы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Ақмола облысындағы Астана – Петропавл автожолының 97-шақырымында болған. Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Аталған көліктегі тағы 7 жолаушы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Қаза тапқандардың арасында Германиядан келген ерлі-зайыпты болған. Ер адам Mercedes-Benz Sprinter көлігінің алдыңғы жолаушы орнында отырған. Апаттан кейін құтқарушылар оның денесін көліктен алып шықты.

Әйел алған көптеген жарақаттарының салдарынан кейінірек ауруханада қайтыс болды. Олардың 9 жасар қызы да жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Mercedes-Benz Sprinter көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.